Қаржы министрлігі аукционға қатысып көруге кеңес берді.
2024 жылы борышкерлерден бюджетке шамамен 1,5 млрд теңге түсті. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаменті жанындағы берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.
Оның айтуынша, биылғы 1 шілдеге дейін компаниялар мен кәсіпкерлерден шамамен 700 млн теңге түскен. Негізінен өндірістік ғимараттар, жер учаскелері және көлік құралдары сатылымға шығарылуда.
Баршаға ашық аукционға қатысып көруге кеңес беремін. Онда өндірістік нысандар, көліктер, арнайы техника, өндірістік мақсаттағы жер телімдері болады. Әрине, олардың бағасы бастапқыда нарықтық құнымен белгіленеді, бірақ саудаға шығарылғанда 35 пайыз жеңілдікпен қойылады. Мысалы, мүлік 100 теңгеге бағаланса, бастапқы баға 65 теңгеден басталады, - деп нақтылады Қайсар Арын.