«Азық-түлік арзандап, тарифтер өспейді»:Үкімет халықты қуантып қойды

Qaz365.kz редакциясы

Көкөністердің бағасы төмендеген.

Getty Images

Бүгін үкімет отырысында бірінші жартыжылдықтағы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне қатысты шешім қабылданғаны белгілі болды.

Бірінші жартыжылдықта инфляция өсіміне ең көп ықпал еткен фактор – ақылы қызметтер екені айтылды. Бұл қызметтердің бағасы 16,1%-ға өскен.
Осыған байланысты үкімет коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу қарқынын қайта қарау туралы шешім қабылдады. Тарифтердің бір бөлігінің көтерілуі кейінге шегерілді. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтып, инфляция қарқынын тұрақтандыруға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Одан бөлек, вауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, ерте өнімді жаппай жинау басталысымен әлеуметтік маңызы бар көкөністердің бағасы төмендеген.