Сауда министрлігі Трампқа жауап берді

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

Фото: Joe Raedle / Getty Images

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан тауарларына АҚШ-тың жаңа тарифтеріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылдың 7 шілдесінде  АҚШ Президентінен биылғы жылдың 1 тамыздан бастап бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы ресми хабарлама келіп түсті. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

Алайда қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар — жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде, - делінген хабарламада.

Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады.

Қазақстан мақсаты — нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау. Қазіргі уақытта Америка тарабы  Қазақстан ұсыныстарын  қарастыруда және келіссөздерді  өткізу күні туралы хабарлайды. Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын, - дейді министрлік.

Айта кетейік, биылғы 2 сәуірде Дональд Трамп әлем елдерінен импортталатын тауарларға ауқымды кедендік баждар туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол кезде Қазақстан үшін 27% баж енгізу жоспарланған. 

Алайда АҚШ қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты бұл шараны уақытша тоқтатып, 10% базалық алымды сақтай отырып, келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берген еді. Аталған тоқтата тұру мерзімі 9 шілдеде аяқталады.