Доллардың орташа бағамы 537,34 теңге болып, 0,39 теңгеге төмендеді.
2025 жылғы 22 тамызда Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Доллардың орташа бағамы 537,34 теңге болып, 0,39 теңгеге төмендеді. Бір күн бұрын да «американдық валюта» шамамен 1 теңгеге арзандаған еді. Ал ресейлік рубль 6,7 теңге деңгейінде қалып, өзгеріссіз қалды.
Қытай юані таңғы сауда қорытындысы бойынша 74,7 теңге болып, 0,21 теңгеге төмендеді.
Ал айырбастау орындарында доллар 538–540 теңге, еуро 623-627 теңге, рубль 6,6-6,73 теңге шамасында саудалануда.