Доллар қымбаттады: 2 қыркүйектегі сауда қорытындысы

Qaz365.kz редакциясы

Ал қытай юанінің орташа бағамы 75,44 теңгеге дейін төмендеді.

Pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 2 қыркүйек күнгі сауда нәтижесінде доллар бағамы өсті. Сағат 15:30-дағы орташа есептік курс 539,55 теңгені құрап, бір тәулікте 0,95 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал қытай юанінің орташа бағамы 75,44 теңгеге дейін төмендеді (-0,0991). Ұлттық банктің мәліметінше, еуроның ресми бағамы – 628,31 теңге, рубль – 6,7 теңге.

Астана қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар 536,8-541,8 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро 624-634 теңге, ал ресейлік рубль 6,63-6,74 теңге деңгейінде.

Бұл ретте әлемдік нарықтағы мұнай құны да өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір тәулікте 1,25% қымбаттап, баррель бағасы 69,40 АҚШ долларына жетті.