Жамбыл облысында ірі өндірістік жобалар жүзеге асырылуда

Qaz365.kz редакциясы

Сонымен қатар, мал азығы дайындалып, 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда алғаш рет қант зауыты салынуда. Құны шамамен 200 млн АҚШ долларына бағаланған жоба жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, 120 мың тонна қант өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен қатар, мал азығы дайындалып, 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Ауыл шаруашылығы техникасы зауыты

Тараз қаласындағы индустриялық аймақта ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге, зауыт жылына 2 мың дана техника шығаруға қауқарлы.

Инвестициялық ахуал

Бұл жобалар Мемлекет басшысының инвестор тарту және қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылуда. Жамбыл облысының әкімі бастаған жауапты тұлғалар шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп, апта сайын инвесторлармен кездесулер өткізіп келеді.

Қазіргі таңда облыста жалпы құны 1,5 трлн теңгеден асатын 5 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Биыл қарашада «Еврохим Қаратау» зауыты іске қосылып, жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіру жоспарлануда.

Сарысу ауданында «Qazaq Soda» кальцийленген сода зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

 «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы қайта жаңғыртылып, аумағы 805 гектарға дейін кеңейді.

Мұнда жуырда Мемлекет басшысының онлайн қатысуымен SANY компаниясының ЖЭС компоненттерін шығаратын ірі жобасының алғашқы кешені іске қосылды.

Сондай-ақ өңірде жүгеріні терең өңдеу зауыты мен жылына 3 млн тонна болат өндіретін металлургиялық комбинаттың құрылысы жүріп жатыр.

Бұдан бөлек, «Алель Агро» құс фабрикасының құрылысы басталған. Ол толық іске қосылғанда жылына 75 мың тонна өнім өндіреді. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы облыстағы жалпы ет өндірісі 73 мың тоннадан асқан болатын.

Толығырақ Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің VIZIT жобасынан көруге болады.