Алматы әкімдігі инфляция деңгейін қалай ұстап тұр

Qaz365.kz редакциясы

Инфляция деңгейі республикалық көрсеткіштен аспаған

Алматы әкімдігі

Алматы қаласында 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 13,2 пайыз болды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгеймен бірдей, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, әкімдік баға тұрақтылығын сақтау және ақылы қызметтер нарығын бақылау бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

«Біздің басты міндетіміз – инфляцияны бақылауда ұстау. Бұл – қала экономикасының басым бағыты. Тамақ және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы еліміздегі ең төмен көрсеткіштердің бірін көрсетіп отыр. Негізгі мақсатымыз – бағаларды қазіргі деңгейде сақтау», – деді Олжас Смағұлов.

Әкім орынбасарының сөзінше, алдағы мереке күндері бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында жәрмеңкелер мен көрмелер өткізу жоспарланған. Бұл шаралар қала тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.