ForteBank сектор көшбасшыларының бірі атанды: банктің активтері бір жылда 19,8% өсті

Qaz365.kz редакциясы

Үздік ондықтағы банктер арасында ForteBank активтерінің өсімі ең жоғары болды

informburo.kz

Қазақстанның банк секторында активтер көлемі тұрақты өсім көрсетіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл – қаржы құралдарына деген сұраныстың қалпына келгенінің және банктердің экономикадағы рөлінің күшейгенінің айқын белгісі. 2025 жылдың басынан бері еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері шамамен 10%-ға артқан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Сектордағы өсім негізінен ең ірі ойыншылардың динамикасымен қамтамасыз етіліп отыр. Қазір он шақты ірі банк жалпы активтердің 89%-ын иеленеді. Осы топ ішінде ерекше көзге түскені – ForteBank.

ForteBank — жыл басынан бергі ең жоғары өсім көрсеткен банк

Үздік ондықтағы банктер арасында ForteBank активтерінің өсімі ең жоғары болды:
+19,8%, яғни активтер көлемі 4,9 трлн теңгеге жетті.

ForteBank осылайша банк секторының ең ірі бес ойыншысының қатарына кіреді. Сарапшылар мұны банктің жеке және корпоративтік клиенттерге бағытталған әртараптандырылған стратегиясымен байланыстырады. Өнімдердің кеңейтілген желісі мен қызметтердің белсенді дамуы банкке клиенттік базаны ұлғайтуға және позициясын күшейтуге мүмкіндік берген.

Активтері қарқынды өсіп жатқан басқа банктер

  • Отбасы банк – +15,5% (4,9 трлн тг)

    Өсім тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесінің тұрақты дамуына және жаңа мемлекеттік бағдарламаларға байланысты.

  • Банк ЦентрКредит – +12,9% (7,9 трлн тг)

  • Bank RBK – +12%

  • Halyk Bank – +10,2%

Сонымен қатар биыл бес банк активтерінің төмендеуін көрсеткен. Олардың үшеуі ірі банктер қатарында.

Сектордың ұзақ мерзімді өсімі әсерлі

  • Соңғы 1 жылда активтер +16%

  • Соңғы 5 жылда 2,2 есе

  • Соңғы 10 жылда 3 еседен астам өскен

Активтердің артуы банктердің қызмет ауқымының кеңейіп қана қоймай, олардың қаржылық тұрақтылығы мен сенімділігінің күшейгенін білдіреді. Активтердің бірқалыпты өсуі қаржы институттарына клиенттерге тиімді қызмет ұсынуға, несие беру көлемін ұлғайтуға және қажетті өтімділікті ұстап тұруға жол ашады. Нәтижесінде бұл бүкіл банк жүйесіне деген сенімді күшейтіп, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына оң әсер етеді.