Қазақстан мен Жапония 3,7 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қояды

Qaz365.kz редакциясы

Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер жасалмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Сапар барысында Президент Токиода жапон бизнесінің ірі өкілдерімен кездеседі. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Келісімдер энергетика, жаңартылатын энергия көздері, цифрландыру, тау-кен өндірісі және көлік логистикасы сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.

Қазақстан тарапынан келісімдерге «Самұрық-Қазына» қоры, KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-Кен Самұрық», «Қазпошта» және «Қазақстан темір жолы» компаниялары қатысады. Ал жапон тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO секілді жетекші корпорациялар құжаттарға қол қояды.

Президенттің сапары аясында ресми келіссөздер мен бизнес-форум өткізу де жоспарланған.