2025 жылы жаңа үйлер қымбаттады: қай өңірде баға қатты өсті

Qaz365.kz редакциясы
shutterstock

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 10 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Статистикаға сәйкес, бағаның ең жоғары өсімі Павлодар облысында тіркелген. Өңірде жаңа тұрғын үй құны бір жылда 22,2 пайызға артқан. Сондай-ақ Шымкент қаласында баға 13,3 пайызға, Алматыда 12,6 пайызға өсті. Жетісу облысында өсім 11,3 пайызды, Қызылорда облысында 10,4 пайызды құрады.

Ал жаңа баспана бағасының ең төмен өсімі Абай облысында байқалды – 1,5 пайыз. Шығыс Қазақстан облысында баға 1,9 пайызға, Түркістан облысында 2,5 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысында 2,6 пайызға және Қарағанды облысында 3,3 пайызға ғана қымбаттаған.