"Қасиетті кітап емес": Тоқаев Салық кодексіне түзету енгізуге болатынын айтты

Qaz365.kz редакциясы
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты ұсыныстарды жан-жақты талдап, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы барлық орынды әрі негізді ұсыныстарды мұқият зерделеу қажеттігін атап өтті.

«Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты барлық салиқалы ұсыныстарды қарастыру керек. Қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізіледі. Салық кодексі – қасиетті жазба емес, оны жетілдіруге болады әрі жетілдіру қажет», – деді Президент.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық саясатына қатысты бірқатар өзгеріс күшіне енді. Соның ішінде қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайыздан 16 пайызға дейін ұлғайтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі реформалар нақты экономикалық жағдайды, сондай-ақ бизнес пен қоғамның пікірін ескеруі тиіс екенін атап өтті.