Төлем айырылған табыстың 45%-ына дейін есептеледі және МӘСҚ қаражаты есебінен беріледі
Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға 2025 жылы 130,4 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілді. Бұл қаражат Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қазақстанда жұмыссыздар қанша төлем алды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша, МӘСҚ арқылы жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік төлемді 354,2 мың адам алды. Олардың ішінде 311,9 мың азамат төлемді дәл 2025 жылы рәсімдеген. Әлеуметтік төлем ресми түрде жұмыстан шығарылған, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде тіркелген азаматтарға тағайындалады.
2026 жылы жұмыссыздық бойынша төлем қалай алуға болады?
Жұмыстан шыққан азаматтар 1-ден 6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Бұл мерзім сақтандыру жүйесінде қатысу ұзақтығы мен соңғы 24 айдағы табыс деңгейіне байланысты анықталады.
Төлем мөлшері – жоғалған табыстың 45%-ына дейін, МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлемді рәсімдеудің нұсқаулығы
Қажет болса, мансап орталығының қызметкері қосымша ақпарат алу үшін өтініш берушіге хабарласады.
Басқаша өтініш жіберудің жолдары
Өтінішті enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы да жіберуге болады. Егер азамат бұрыннан жұмыссыз ретінде тіркелген болса, Еңбек министрлігінің жүйесі автоматты түрде SMS-хабарлама жібереді. Хабарламаға жауап берсеңіз, төлем автоматты түрде тағайындалады.