Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 31 наурыздан кейін жанармай бағасы қалай өзгеруі мүмкін деген сұраққа жауап берді. Бұл мәселені журналистер кулуарда көтерген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мораторий аяқталған соң бензин мен дизель отынының бағасы өсе ме деген нақтылаушы сауалға министр болжам жасаудан бас тартты.
«31 наурыздан кейін жағдай қалай болатынын, кешіріңіздер, айта алмаймын. Өйткені мен Ванга емеспін, болашақты болжай алмаймын», – деді ол.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі басшысы жанармай нарығын реттеудің ықтимал сценарийлерін ашып айтпады. Оның сөзінше, барлық шешімдер белгіленген тәртіппен және қолданыстағы заңнама аясында қабылданады.
Еске салайық, Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасының өсуіне қатысты мораторий 31 наурызға дейін күшінде. Осы мерзім аяқталғаннан кейін жанар-жағармай нарығында жаңа реттеу тетіктері енгізілуі мүмкін.
Осыған дейін бензин бағасына қойылған мораторий неге әсер етпей жатқанын жазған едік.