Бойжеткен толық емес отбасынан шыққан
Өскеменде 17 жастағы студент суицид жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz. тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиғаны қалалық прокуратура да растады. Ведомствоның мәліметінше, 17 жастағы студент суицид жасар алдында жазба қалдырған.
Ол өзіне бөлінбеген махаббаттан осындай қадамға барғанын жазған.
Бойжеткен толық емес отбасынан шыққан.
«Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері көбейіп кетті, 2024 жылы өткен 22 жағдай тіркелді. Өткен жылы 7 жағдай болатын. Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: туыстарымен реніштер мен оқудағы қиындықтар, сол сияқты достарымен қарым-қатынастағы қиындықтар да бар», - делінген ведомство хабарламасында.