Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Qaz365.kz редакциясы

Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді

Фото: depositphotos.com

Ағымдағы күннің өзекті ақпараты бойынша тізім 36 тұрғын үй кешенінен тұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, тізім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.

Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.