Алматыда жер сілкінгенде дабыл қағу жүйесі неге жұмыс істемеді?

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Алматыда жер сілкінді

фото: Rafael Ben-Ari/Getty Images

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде халықты ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Хабардар ету жүйелері (mass alert) қарқындылығы 5,5 балл және одан жоғары болған кезде автомат түрде іске қосылады. Бүгінгі жер сілкінісі қала аумағында 3 балл болды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Еске салайық, бүгін Алматыда жер сілкінді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді. 

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

  • Алматы 3 балл
  • Талғар 4 балл
  • Есік 4 балл
  • Түрген 3.0 балл
  • Өтеген-Батыр 3 балл
  • Боралдай 2 балл
  • Маловодное 2 балл
  • Ж.Қайыпов 2 балл
  • Алатау (Жетіген) 2 балл
  • Қарасай (Қаскелең) 2 балл.