Бесінші сынып оқушысы 4 қарашада Әуезов ауданындағы 24-мектептен шығып кеткен
Алматыда 4 қарашада жоғалып кеткен 10 жастағы мектеп оқушысы табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бесінші сынып оқушысы 4 қарашада Әуезов ауданындағы 24-мектептен шығып кеткен болатын.
Анықталғандай, баланы әжесі ерте мектепке әкеліп тастаған. Бала сабаққа кірмей ол жерден кетіп қалған. Белгілі болғандай, оқушы ауладағы досымен түнгі он бір жарымға дейін футбол ойнаған. Баланың өзінде телефоны болмаған.