Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды

Qaz365.kz редакциясы

Тергеу облыстық ПД басшылығының бақылауында

Видеокадр

Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікпен Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталған бес күдікті ұсталды, олар қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 2024 жылғы 2 қарашада азамат К. ұсталып, сот «Қамау» бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті агенттікке берген түсініктемесінде.

Полиция қылмыстардың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерін кешенді жалғастыруда.

Тергеу облыстық ПД басшылығының бақылауында.