Куәгерлердің айтуынша, иттер ауыз тұмылдырықсыз жүріп, көпшілікке үрген
7 қарашада Алматы метрополитенінің жолаушылары станцияларда қызметтік иттері бар кинологтардың көптігінен бірі қатты қорқып кейбірі таң қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі CMN.KZ-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, иттер ауыз тұмылдырықсыз жүріп, көпшілікке үрген. Алайда, метроға келушілердің кейбіріне мұндай күтпеген кездесу ұнап қалған. Олар иттердің қасына келіп еркелетіп, суретке түсірген.
“Іс-шара терроризмге қарсы жаттығулар аясында өтуде. Бүгінде бірнеше станцияда жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген иттермен кинологтар оқу-жаттығу сабағын жүргізіп жатыр. Бұл ретте пойыздардың қозғалысы тоқтаған жоқ, ал станциялар әдеттегідей жұмыс істеп жатыр”, – деді Метро арнайы күзеті мамандары.
Айта кету керек, қала тұрғындарына бұл іс-шара туралы еш жерде ескертілмеген.