Рудныйда жақында салынған жылу құбыры жарылды

Nur-Altay Umirzak

Апат болған аймаққа жақын үйлер  жылусыз қалды

Сурет: yandex.com/kovsh_ekg

Рудныйда жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Апатты жағдай қаладағы Топорков көшесінде болған.

“Жылу құбырлары бұл жерге жақында салынды. Апат болған аймаққа жақын үйлер түн ішінде жылусыз қалды”, – дейді тұрғындар.

Рудный қаласындағы жылу құбырының жарылуы салдарынан «Шанхай» ауданындағы үйлерде жылу өшті. Эвакуацияланған 198 абоненттің жылуы сағат 8:30-да қалпына келтірілді. Тағы бір жарылыс Строительная көшесінде таңертең болды. Салдарынан 27 абонент жылусыз қалды.

Қаланың 140 км ішкі кварталдық желісінің 44 км-і жеке секторда орналасқан, ал соңғы екі жылда 33,8 км желі жөнделіп, 16,5 млрд теңге жұмсалған.

Қалада жылу 12:00-ге дейін беріледі деп уәде етілді.