Қарағандыдағы «Абай» шахтасынан 155 кенші эвакуацияланды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 7 қараша күні шахтада жарық өшіп қалғаннан кейін орын алған

Сурет: yandex.com/shakhta_abayskaya

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасынан 155 кенші эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

7 қараша күні сағат 20:29- шахтада жарық өшіп қалғаны туралы хабар түскен.Бұл жағдай «Қарағанды Жарық» трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған. Ауысымда болған 155 адам қауіпсіз түрде жер бетіне эвакуацияланды”, – деп хабарлады Qarmet компаниясы.

Компания электр энергиясының қалпына келтірілгенін және кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіз түрде жұмысты қайта бастау үшін шахтаны дайындап жатқанын хабарлады.