Шығыс Қазақстан облысында 19 жастағы шекарашы сарбаз қайтыс болды

Nur-Altay Umirzak

Ол Түркістан облысының тумасы

Сурет: gov.kz

ҚР күш құрылымдарында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. ШҚО-да шекарашы сарбаз өзіне автоматтан оқ атып қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі хабарлады. 2005 жылы туған қатардағы жауынгер АК-47-ден басына екі рет оқ атқан.

Оқиға 7 қарашада кешкі сағат бесте болған. 19 жастағы сарбаздың ҰҚК шекара әскерлерінде (Зайсан пункті) қызмет еткен. Ол Түркістан облысының тумасы. Оқиға орнынан суицид туралы жазба табылған жоқ. Қайтыс болған мерзімді сарбаздың басынан екі оқ жарақаты табылғанымен, өлімнің себебі ретінде " механикалық асфиксия " деп көрсетілген.

Қазіргі таңда орын алған жағдайға байланысты тергеу амалдары басталды.