Ақтау тұрғыны 5 қабаттан құлап аман қалды

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 7 шағын аудандағы № 12 үйде болған

Сурет: ашық дереккөзден

Ақтау тұрғыны 5 қабаттан дүкеннің күнқағарына құлап аман қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Оқиға 7 шағын аудандағы № 12 үйде болған.

“Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 3 қарашада сағат 23:46-да ер адамның бірінші қабатта орналасқан дүкеннің төбесіне құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушыларымыз 5-ші қабаттан дүкеннің төбесіне құлаған адамға көмек көрсеттік. Жағдайы қанағаттанарлық, оқиғадан кейін тұрғынды жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстадық”, –  деді ТЖД ведомствосы.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі 34 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізгенін мәлімдеді.

“Ер адам жүрек айну, бас айналу, кеудедегі ауырсыну, аяқтың ауыруы, жүре алмау туралы шағымданды.  Ол мас күйінде болды. Науқас бірден облыстық көпсалалы аурухананың қабылдау бөлмесіне жеткізілді, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ауруханада тексерістен өткеннен кейін ер адам ауруханаға жатудан бас тартып, өзінің сұрауымен үй жағдайында амбулаториялық емделуге жіберілген.