Мысырда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Qaz365.kz редакциясы

Әзірге туристердің алған жарақаттарының қаншалықты күрделі екені белгісіз.

Cairo 24

Мысырда ТМД туристері мінген автобус аударылды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.Cairo 24 басылымына сілтеме жасап.

Автобустағылардың басым көпшілігі ресейлік және украиналық туристер.

Зардап шеккендердің 31-і – Ресей мен Украинадан, үшеуі – Қазақстаннан, үшеуі – Әзербайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Болған жайтқа қатысты тиісті хаттама жасалды. Сондай-ақ, қажетті шаралар қабылданды, – деп жазды Cairo 24.

Апат Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болғаны белгілі.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр.