Депутат Тұрлыхановтың қамалған ұлы сот шешіміне шағымданбақ

Nur-Altay Umirzak

Апелляциялық шағым өткен аптада түскен

Сурет: uww.asia/видеокадр

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайдыQaz365.kz.

Ақпаратты Алматы қалалық соты растаған.

"Апелляциялық шағым түсті. Іс материалдары іс жүргізу мерзімдеріне байланысты апелляциялық сатыға әлі жіберілген жоқ", –  деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Сот Медеу аудандық сотының №2 шешіміне Нұрасыл Болат тарапынан өткен аптада апелляциялық шағым түскенін хабарлады.

Пробация қызметінің бас бостандығын шектей отырып, Болат Нұрасыл Дәулетұлының өтелмеген жаза мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыруды соттан сұраған болатын. Сот өтінішті қанағаттандырған.