Үкім заңды күшіне енді
Батыс Қазақстан облысында ұлы мас күйінде өзінің әкесін ұрып өлтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«2022 жылдың 16 қазанында кешке мас күйінде И. үйінде әкесімен сөз таластырып, аяғы жәбірленушінің басы мен иығынан бірнеше рет ағашпен ұрумен аяқталған. Жәбірленуші сол жерде көз жұмды», – деді Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Прокурор кінәліден нақты бас бостандығынан айыруды сұрады, ал көз жұмған адамның туыстары жеңіл жаза тағайындауды сұрады. Сотталушының өзі кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген.
Сот азамат И.-ді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енді.