45 млн теңге жымқырған интернет алаяқтар ұсталды

Nur-Altay Umirzak

Интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ Батыс Қазақстан облысында ұсталды

Сурет: Polisia.kz

Тұрғындардың 45 млн теңгесін жымқырған интернет алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Республика бойынша интернет алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ Батыс Қазақстан облысында ұсталды.

“Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желі пайдаланушыларына «несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз» деп алдап, банк шоттарынан 45 млн теңгені жымқырған.Тергеу кезінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карта, роутер құрылғысы және 3,5 млн теңге тәркіленді.Күдіктілер екі айға қамалды”, – делінген БҚО Полиция департаменті хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.