Күдіктіден газ тапанша тәркіленді
Алматыда супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға кеше таңертең Алмалы ауданында болған. Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен. Күдікті 400 мың теңгені қолды қылған.
Қаскөй өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Күдіктіден газ тапанша тәркіленді.