БҚО-да алаяқтар "ата-аналарды баласы болып" 10 миллион теңгеге алдап кеткен

Nur-Altay Umirzak

Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар екені анықталды

Сурет: Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция "ата-аналарды баласы болып" алдап, ақша жымқырған үш жігіттен құралған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Күдіктінің бірі WhatsApp-тағы педагогтердің чатына кірген. Ондағы хаттардың мазмұнын зерттегеннен кейін топтағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекесіне шыққан. Бұл ретте күдікті жәбірленушіге өзін оның баласы секілді таныстырып, телефоны сөніп қалғанын жеткізген. Соған сеніп қалған жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодын жіберген. Алаяқтар картадағы қаражатты дереу шешіп алған. Қазір 17 факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”, – делінген БҚО Қаратөбе полиция бөлімінің хабарламасында.

Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар екені анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрайды.