Алматы облысында колония басшысының орынбасары ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Ақпаратты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі растады

Фото: freepik.com

Алматыда Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеме басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақпаратты облыстық прокуратураның баспасөз қызметі растады.

"2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының Алматы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының №14 мекемесі басшысының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді" - деп хабарлады баспасөз қызметі.