Қылмыстық іс қозғалды
Теміртау қаласының 63 жастағы тұрғыны полицияға шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Полицияға арызданған зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу есепшотынан 2 миллион теңгені шешіп алған. Ақшаның жоғалғанын қаржы жинап жүрген есепшотын тексерген кезде байқаған. Полицейлер шұғыл іздеуге кірісіп, кінәліні анықтады. Күдікті ретінде зейнеткердің немересі ұсталды.
Жасөспірім ақшаның көп бөлігін өз қажетіне жұмсап жібергенін айтқан. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.