Қылмыстық іс қозғалды
Офицер жоспардан тыс оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан мерт болды. Оқиғаны ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ барысында қауіпсіздік шарасын сақтамау салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімінің офицері алған жарақаттан көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.
«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі», - дейді әскери ведомстводан.