Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда
Орал қаласының орталығындағы ауыр жүк көлігі қоршауды бұзып, мектеп ғимаратына соғылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға 14 қарашада сағат 10.00-де болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Менделеев көшесімен жүріп өтіп, Hyundai маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Осыдан кейін үлкен жүк пен автокөлік мектеп қоршауын бұзып, ал жүк көлігі № 36 мектеп ғимаратына соқтығысқан.
Батыс Қазақстан облысы ПД-дан әлі түсініктеме түскен жоқ. Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда.