Қаза болғандар бар: Қарағандыдағы трассада шағын автобус жол жиегіне ұшып кетті

Nur-Altay Umirzak

Оқиға 15 қараша күні таңертең Құрминка кентінен 2 шақырым жерде орын алған

Сурет: Бейнеден кадр

Алматы-Екатеринборг трассасында шағын автобус жол жиегіне ұшып кетіп, 7 адам қаза болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 15 қараша күні таңертең Курминка кентінен 2 шақырым жерде, Алматы-Екатеринбург тас жолында болған.

“Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа Toyota Alphard жүргізушісі көктайғақ кезінде көлік басқара алмай қалған. Жол - көлік оқиғасында жүргізушінің өзі және оның алты жолаушысы қайтыс болды, оның ішінде екі бала бар. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.”, – деді  Қарағанды облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Полиция жүргізушілерден мұқият болуды, жол ережелерін сақтауды және жылдамдық режимін бұзбауды сұрады.