Перизат Қайрат Палестинаға жинаған ақшаның 200 млн теңгесін жымқырған – жаңа деректер пайда болды

Qaz365.kz редакциясы

Оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды

коллаж Qaz365.kz

Қаржы мониторингі агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайраттың заңсыз әрекетінің тағы бір эпизодын анықталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚМА еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша ретінде келесіні хабарлайды. 

«Оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды. Осылайша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды. Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде», – делінген ресми ақпаратта.

Тергеу жалғасуда. ҚМА Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғандарға Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуды сұрайды.