Қостанайда бір үйдің үш баласы уланып қайтыс болды

Nur-Altay Umirzak

Қайғылы оқиға Қарынсалды ауылында болған

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Қостанайда үш бала мен атасы уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 17 қарашада түскі сағат бір кезінде Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында болған.

“Алдын ала ақпарат бойынша 8, 3, 2 жастағы үш бала мен 1957 жылы туған ер адам көміртегі тотығымен улану салдарынан қайтыс болған. Балалардың әкесі, анасы, сондай-ақ олардың 4 жасар ұлы ауруханаға жатқызылды”, – делінген жергілікті Төтенше жағдайлар қызметі хабарламасында.

Отбасы аз қамтылған санаттан болған. Отағасы жергілікті мектепте өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.