Екібастұздағы тойға келгендер жаппай уланған: мейрамхана қонақтарға 5 млн теңге төлейді

Qaz365.kz редакциясы

Сот талаптардың бір бөлігін қанағаттандырды.

Фото: ашықдереккөзден

Мейрамханадан моральдық және материалдық залалды өндіріп алу туралы 18 адам шағым түсірген, дегенмен зардап шеккендер бірнеше есе көп, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық сот жәбірленушілердің арызын қабылдаған. Олар ауруханада болған уақыт үшін материалдық шығынды өтеуді сұрады. Сомалар 1318 теңгеден 188 462 теңгеге дейінгі аралықта. Моральдық зардап, оның ішінде кәмелетке толмаған келушілерге қатысты талапкерлер 200 мыңнан 700 мың теңгеге дейін бағалады.

Сот талаптардың бір бөлігін қанағаттандырды. Мейрамхана зардап шеккендерге 5,2 миллион теңгеден астам төлейді.