Шығыс Қазақстанда оқушылар онлайн оқуға көшті

Nur-Altay Umirzak

Аймақта алдағы 2-3 тәулікте қолайсыз ауа райы сақталады

Сурет: edutechtalks.com

Шығыс Қазақстанда оқушылар ауа-райцының қолайсыздығына байланысты онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс аумағында өткен түннен бері қар аралас жаңбыр жауып тұр. Таулы аумақтарда қатты көктайғақ.

“Күршім ауданына қарасты Қойтас ауылындағы және Глубокое ауданындағы мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр. Өскеменнің ең шеткі шағын ауданындағы 49-мектептің бастауыш сынып оқушылары да сабақты үйден оқиды”, – делінген Облыстық білім басқармасының хабарламасында.

«Қазгидромет» аймақта алдағы 2-3 тәулікте қолайсыз ауа райы сақталатынын хабарлап отыр. Қарашаның соңғы аптасында күн қайта жылынуы мүмкін.