Анасын ұрып тастаған Ақтау тұрғыны қамауға алынды

Nur-Altay Umirzak

Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Сурет: Бейнеден кадр

Анасын ұрып тастаған Ақтау тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі lada.kz- ке сілтеме жасап.

Ақтау полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа күдікпен ұстады. Полицияның мәліметінше, мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген.

“Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды”, – делінген Ақтау қаллалық полиция басқармасының хабарламасында.

Қазір күдікті тергеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілген.