Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Қостанайда құбыр жарылып, мектеп пен тұрғын үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
“Апат жерасты жылу желісінде болды. Нақтырақ айтар болсақ Бородин №221А көшесінде диаметрі диаметрі 150 мм құбырда болған”, – делінген Жылу-энергетика компаниясының мәліметінде.
Салдарынан қаладағы 8 тұрғын үй, мектеп және спорт залы жылусыз қалды. Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның салдарын жою туралы шешім қабылданып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.