Қазақстанда бір итбалықтың құны 193 АЕК (2024 жылы 712 556 теңге) тұрады
Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, Қазақстанда бір итбалықтың құны 193 АЕК (2024 жылы 712 556 теңге) тұрады. Ал осы соманы өлген 2 000 итбалыққа көбейтсе, 1 млрд 425 млн теңге шығады.
«2 000 өлген итбалық табылды. Демек ірі көлемдегі шығын болып тұр. Мен билікті осы істі тергейтін шұғыл комиссия құруға шақырамын. Бұл мәселеге үлкен қоғамдық резонанс керек. Барлық мән-жайды анықтап, кінәлі адамдарды заң бойынша жауапқа тарту қажет. Олар шығынды да өтеп беруге тиіс», – дейді Маңғыстау облысындағы «ECOJER» қауымдастығы экологиялық кеңесінің төрағасы Қозыбақов.
Маңғыстау облысында итбалықтардың жаппай қырылуына байланысты Каспий теңізінің жағалауында тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.