Астанада 27-28 қарашада ұшақтар ұшып, көшелер жабылады

Nur-Altay Umirzak

Жағдай Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу аясында қабылданып отыр

Сурет: gov.kz

Астанада 27-28 қарашадағы қаладағы қозғалыс жайында Мемлекеттік күзет қызметі ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 


ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында 27-28 қараша күндері елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.

“Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз”, –  деді ведомство.

Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.