"6 млн теңге берсең түрмеден шығарамын" - Түрме бастығы жұмысынан қуылды

Nur-Altay Umirzak

Ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылып,  үлкен көлемде айыппұл төлеуге міндеттелген

Сурет: sputnik.kz

Сотталушыдан ақша бопсалаған түрме бастығы жұмысынан шеттетіліп, 45 млн теңге айыппұл арқалады,  деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Степногорск қалалық соты хабарллап отыр.

“Түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат сотқа өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мекеме бастығы соттың шешіміне ықпал ете алмайтынын біле тұра, сотталушыға 6 млн теңгеге мәселесін шешіп беруге уәде еткен. Түрме басшысы ақшаны алу кезінде ұсталды”, – делінген Степногорск қалалық соты хабарламасында.

Сот шешімімен мекеме бастығы жұмысынан шеттетіліп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айрылған. Сондай-ақ жасаған қылмысы үшін  45 млн теңге айыппұл арқалап отыр.