Шымкентте оқу-жаттығу барысында граната жарылып, екі курсант жарақат алды

Qaz365.kz редакциясы

Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық ПД пікір білдірді

Фото: gov.kz

Аталған жайтқа қатысты ақпарат "Письма Президенту" Telegram-дағы арнасында жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Кейбір дереккөздер шымкенттік полицейлер Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде күтпеген жерден жарық-шулы граната лақтырып жібергенін хабарлады. Салдарынан бес курсант жарақат алған. Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Көп ұзамай оқиғаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті пікір білдірді. 

"Аталған дереке жоспарлы оқу-жаттығу кезінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта екі курсант медициналық мекемеде ем қабылдауда. Олардың жағдайы тұрақты", - деді полицияда.