Астанада екі көше жабылып, қозғалыс шектелді

Nur-Altay Umirzak

Шектеу Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін

Сурет: gov.kz

Астанада ҰҚШҰ жиыны өтетіндіктен екі көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

 Бұл жайында Астана қаласы әкімдігі хабарлап отыр.

“28 қараша күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Ж.Нәжімеденов көшесінде (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Қ.Аманжолов көшесінде (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін) көлік қозғалысы толықтай шектеледі”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Осыған байланысты №14, 32, 43, 50, 66, 84 автобустардың қозғалысы уақытша өзгереді.