Қаржы 200 жанұяны көшіру үшін 100 пәтерлі екі үй салуға бөлінген
Су тасқынымен күреске бөлінген 300 млн теңгені ұрлағандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ақмола облысының арнайы прокурорлары 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
“Аталған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін 100 пәтерлі екі үй салуға бөлінген. Екі күдікті ұсталып, үшіншісі үйқамаққа алынды.Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банктық шоттарда 50 млн теңгеден астам ақшалай қаражат табылды”, – делінген Ақмола облыстық прокуротурасы хабарламасында.
Қазіргі таңда тыйым салынған мүліктің бағаланған құндылығы 335 млн теңгеден асып кеткен. Бөлінген қаржыдан да асырып алып қойған шенділердің ісі қатаң тексеріліп жатыр.