Қарағандыда жылу желісіне жүк көлігі соғылып 60 үй жылусыз қалды

Nur-Altay Umirzak

Мамандар ескі құбырды бөлшектеп, жаңа құбырды монтаждауға кіріскен

Сурет: 24.kz

Қарағанды қаласындағы жеке секторда 60-қа жуық үй жылусыз қалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл жайында Қарағанды қаласы әкімдігі хабарлады.

Оқиға кеше кешкісін троллейбус тиелген ауыр жүк көлігі Шәкіров көшесіндегі жеке сектордың жылу желісін бұзған. Салдарынан үйлер жылусыз қалған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде таралды. 

"Қазіргі уақытта аудан әкімдігі мен "Теплотранзит" ЖШС өкілдері оқиға орнында жүр. Жүйенің қатып қалуын болдырмау үшін су төгіп жатыр, сондай-ақ ескі құбырды бөлшектеуге және жаңа құбырды монтаждауға кірісті", - делінген хабарламада.

Қарағанды қаласының әкімдігі оқиға салдарынан жеке үйлерді жылумен жабдықтау ішінара бұзылғанын мәлімдеді.