Ақтауда жертөледен ер адам өлі табылды

Qaz365.kz редакциясы

Өңірлік полиция департаменті пікір білдірді

Фото: instagram.com/cenzura_aktau/

Ақтауда жертөледен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

28А-шағынауданындағы №9 үйдің жертөлесінен ер адамның мәйіті табылды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Өңірлік полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, 26 қарашада жертөледен тұрақты мекенжайы жоқ ер адамның мәйіті табылған.

"Бұл адамның өлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір барлық мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады полиция қызметі.