Өскеменде зейнеткер әйел өз-өзіне қол салмақ болды

Qaz365.kz редакциясы

Психолог әйелмен байланыс орнатты

Фото: ТЖМ

Өскемен қаласындағы Әл-Фараби көшесінде төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару қызметінің 112 желісіне 1955 жылы туған әйелдің терезеден секіруге оқталуы туралы хабар түскен.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, психолог және жедел жәрдем қызметі шұғыл жетті.

Психолог әйелмен байланыс орнатып, жағдайын тыңдап, қолдау көрсетті. Нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.  

«Құтқарушылардың үйлесімді әрі жылдам әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды», - делінген хабарламада.