Жетісу облысында ұрылар 66 елді мекенді көгілдір отыннан айыра жаздаған

Nur-Altay Umirzak

Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Сурет: Бейнеден кадр

Жетісу облысында ұрылар 66 елді мекенке тартылып жатқан құны 72,5 млн теңгенің газ құбырын ұрлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігі хабарлады.

Олар қолды қылған газ құбырлары Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан.

“Жалпы магистральдық газ құбырының құрылысы 131,7 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жоба халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған. Полицейлер үш күдіктіні ұстап, тергеу жұмыстарын бастады”, – делінген Жетісу облысы әкімдігінің хабарламасында.

Ұсталған күдіктілер Алматы облысының тұрғындары екен.